Мектептің ішкі мәдениетін дамытудың бағыттарының бірі, ол мектеп бойынша бірыңғай киім үлгісіне өту (көшу)Оқушылар үшін бірыңғай мектеп формасы - оқушыны тәртіпке шақыра отырып, әлеуметтік теңсіздік пен бәсекелестікті болдырмайтын, балалар мен жасөспірімдер арасындағы еліктегіштік алдын алатын, ата-аналар үшін қолжетімді заманауи киім үлгісі. Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы негізінде мектептің жалпы ата-аналар жиналысында келесі 2024-2025 оқу жылына мектепте оқушыларға бірыңғай мектеп формасын жаңарту туралы мәселе қаралып, ата-аналар тарапынан бірауыздан қолдау тапты
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!!
2025-2026 оқу жылында Шарбану Бекмұхамбетова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп - гимназиясының бекітілген (міндеттелген) ҚР Заңнамасына сәйкес заманауи мектеп формасын назарларыңызға ұсынамыз:
ер балалар формасына қара түсті шалбар, ақ көйлек (ұзын және қысқа жеңді), белгіленген үлгідегі қара түсті жакет, қара түсті бомбер; қыз балалар үшін формаға қара түсті белдемше (белдемшесі тізеден 5 см жоғары болмауы керек) ақ кофта, ақ тенниска (ұзын және қысқа жеңді) , белгіленген үлгідегі қара түсті жакет, қара түсті бомбер, 2 ақ түсті бантик.
Мектеп формасы жоғарыда ұсынылған киім үлгісінің бірыңғай, ыңғайлы, қонымды, ұсынылған дизайнге сәйкес болуы маңызды.
Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы білім бөлімінің «Ш. Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Школа – гимназия имени Ш. Бекмухамбетовой» отдела образования Уилского района Управления образования Актюбинской области
МЕНЮ
Ата-аналар назарына!

© 2025 Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы білім бөлімінің «Ш. Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Школа – гимназия имени Ш. Бекмухамбетовой» отдела образования Уилского района Управления образования Актюбинской области